Қазақстанға келген медициналық туристер саны 5 жылда 5 есе артқан

Жаңалықтар
view 45
news

Фотосурет: ДСМ

Оның ішінде Қытайдан келгендердің саны 24 есе, Үндістаннан келгендер 40 есе, Түркиядан келгендер 3 есе артқан.

Медициналық туризмді дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі. Бүгінде елімізге 50-ден аса мемлекеттен науқастар келіп жатыр.

Осыдан бірнеше жыл бұрын біз Қазақстандағы медициналық туризмнің әлеуеті туралы айтып жүрген едік. Бүгінде толық сеніммен айта аламын: ол әлеует нақты нәтижеге айналды,  деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференцияда.

Бұл деректер Қазақстанның шетелдік пациенттерге жоғары сапалы медициналық қызмет пен қолжетімді бағаларды ұсына алатынын көрсетеді.

Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден аса қатысушы 30 елдің елшілері, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, жетекші сарапшылар, медициналық агенттер мен 13 елден келген байерлер жиналды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *