ҚАЖК төрағасы Бишімбаевтың жазасын қалай өтеп жатқанын айтты

Жаңалықтар
view 137
news

Фотосурет: Әйгерім Асқарова

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талаптарына сәйкес, басқа сотталғандармен тең жағдайда жазасын өтеп жатыр, деді ҚАЖК төрағасы.

Сондай-ақ Бишімбаевтың еңбекке тартылуы мен табысына қатысты сұралғанда, ол деректердің жеке сипаттағы ақпаратқа жататынын атап өтті.

Сотталғандардың еңбекке орналасуы туралы мәліметтер жеке деректер санатына жатады және тек туыстары мен адвокаттарына ғана хабарланады. Жалпы алғанда, біздің түзету мекемелерімізде сотталғандардың жартысы еңбекпен қамтылған. Биыл біз жұмыс істейтін сотталғандар санын 3 мың адамға арттырдық және бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз,  деді Абай Қайырбеков.

Онымен қоймай, журналистер ҚАЖК төрағасынан экс-министрдің жалғыз камерада отырған-отырмағанын сұрады.

Мен айтып өткенімдей, ол жазасын жалпы негізде, басқа сотталғандармен бірге өтеп жатыр. Аталған сотталғанға қандай да бір ерекше жағдайлар, жеңілдіктер немесе талаптар қарастырылмаған,  деп жауап берді ІІМ өкілі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *