2025 жылы кредит алу қиындайды. Қандай талаптар енгізіледі?
Фото: Коллаж El.kz
Қазақстанда 2025 жылдан бастап онлайн микрокредит рәсімдеу кезінде қауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Енді банктер онлайн несие өтінімдерін мақұлдамас бұрын кемінде бір күн күтуі қажет. Бұл талапты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі енгізіп отыр. Осы жөнінде El.kz ақпарат агенттігі жазды деп, хабарлайды janabastau.kz тілшісі.
Онлайн несиеге тыйым салынуы мүмкін бе?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов онлайн несиелеуге тыйым салынбаса да талаптардың бұрынғыдан да күшейтіліп жатқанын айтады. Жақында депутаттар алаяқтықтың көбейіп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, онлайн қарыз беруді шектеуді ұсынды.
Тимур Сүлейменов алаяқтықпен күресуге бағытталған шаралардың қолға алынып жатқанын, атап айтқанда, былтыр құрылған антифрод-орталығының 5500 күмәнді қаржылық операцияны анықтағанын жеткізді. Бұл операциялардың жалпы көлемі шамамен 600 миллион теңгені құрайды, оның 17миллион теңгесі ерікті түрде қайтарылды. Дегенмен, онлайн несиелеуге тыйым салу азаматтар мен бизнес үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін азайтуы мүмкін екендігін ескертті.
Несие алу талаптары қашаннан бастап өзгереді?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың мәлімдеуінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап онлайн микроқарыздарды рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) бір мезгілде қолдану міндетті болады. Сонымен қатар, микроқаржы ұйымдары ақшаны аударғанға дейін банк шотының немесе төлем картасының тұтынушыға тиесілі екенін тексеруі шарт.
5 минутта алынатын несиелер тоқтатылады
Енді қазақстандықтар 5 минутта онлайн несие рәсімдей алмауы мүмкін. Қазір оны беру уақытын ұзарту туралы мәселе қаралып жатыр.
Жоғары қауіпті операциялар болса немесе халықтың әлеуметтік осал тобы, оның ішінде зейнеткерлер бойынша банктер қосымша тексеру жүргізілетіндей белгілі бір кезең болу қажет. Депутаттар осындай ұсыныс жасады, біз де осы мәселені қарастырып жатырмыз. Қосымша тексерістер жүргізілген соң ғана несие берілмек. Мысалы, несиеге өтініш берген күннің ертеңінде ақша алуы мүмкін, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.
Айтуынша, бұл бағытта ресейлік тәжірибе зерделенген.
Оларда несие беру кезеңі қарыздың сомасына қарай үш сағаттан бастап екі тәулікке дейінгі уақытты алуы мүмкін. Бұл ұсыныстарды банктермен бірге қарастырып жатырмыз, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы.
Онлайн несие алу үшін не істеу керек?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн несие алу барысында алаяқтардан қорғану мақсатында клиенттерді тексеру әдістерінің төрт түрін ұсынды.
Біріншіден, клиенттен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етіледі. Ол электрондық құжаттарға қол қоюын кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Екіншіден, биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек.
Үшіншіден, мобильдік құрылғының нөмірі тексеріледі. Ол телефон нөміріне келген хабарлама коды арқылы идентификациялаудан өтеді.
Төртіншіден, клиенттің міндетті түрде парольі болуы тиіс. Яғни ол аккаунтына кіру үшін құпия сөзді қолдануы қажет.
Аталған талаптарға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдарына кемінде екі әдіс, соның ішінде биометриялық сәйкестендіру және ЭЦҚ қолдану міндеттеледі.
Несие қанша уақытта рәсімделеді?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге онлайн кредиттерді рәсімдеген кезде өтінім берілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей оны мақұлдауды ұсынады. Осылайша, клиенттер алаяқтар мәжбүрлеген кредиттерден бас тарту мүмкіндігіне ие болатын «шешімді өзгерту» кезеңі енгізіледі.
Төлем мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік бар
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, қазіргі уақытта барлық ақпарат кредиттік бюрода жиналады, оларға арнайы тізім жасалмақ. Тағы бір мәселе несие бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік бар. Қарыз алушының несиені қайтаруға жағдай жоқ болса, жаңа кесте бойынша да төлей алмаса, онда толық не ішінара жабылуы керек. Банктер мен микроқаржы ұйымдары бізге жаңа жоспарларын енгізіп жатқанын айтты.
Еске салсақ, жыл басынан бері мерзімі өткен қарызы бар 44 мың адамның несиесі кешірілді.
Азаматтарға кредит алуға қатысты тағы қандай талаптар қойылмақ?
Мәжілісте азаматтардың артық кредит алу деңгейін төмендетуге бағытталған заң жобасы қаралады. Заң жобасында келесі нормалар көзделген:
- Кредит беру талаптарының қатаңдатылуы: Банк қарыздары мен микрокредиттер беру кезінде талаптарды күшейту арқылы азаматтардың шамадан тыс кредит алуын азайту.
- Кредит беруге тыйым салу: 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кредит беруге тыйым салынады. Сонымен қатар, жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге де тыйым салу енгізіледі.
- Кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру: Мерзімді әскери қызметті өткеріп жүрген азаматтарға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады.
- «Тұтынушылық кредит» ұғымының енгізілуі: Тұтынушылық кредиттің мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен анықталатын болады.
- Онлайн микрокредиттерге шектеулер: 45 күнге дейінгі және 50 АЕК мөлшеріндегі онлайн микрокредиттер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеу ұсынылады.
- Мораторий енгізу: 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың берешегін реттеу бойынша сапалы жұмысты жүргізу үшін қарыздарды коллекторларға беруге мораторий енгізіледі.
- Биометриялық сәйкестендіру: Банктер мен микроқаржы ұйымдарына клиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық қарыз беруге тыйым салынады.
- Банкроттық рәсімін жетілдіру: Істердің жекелеген санаттары бойынша өндіріп алу туралы құжаттарды орындау процесін толық автоматтандыру арқылы жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін жетілдіру, бұл сот орындаушысының қатысуын болдырмай, азаматтарға жеке сот орындаушысына ақы төлемей атқарушылық құжаттың талабын орындауға мүмкіндік береді.
Пікірлер (2)
Hello, My name is Arin Shah. I provide data entry services starting at USD 6/hour. I can work as per instructions and follow step-by-step instructions. If you are interested, Please share your requirements at bizassistance008@outlook.com and we can take a video call.
Are you considering a complete redesign of your website to enhance its look and functionality? I specialize in creating modern, mobile-responsive, fast, and SEO-optimized websites that provide a seamless user experience and help convert visitors into clients. Whether you're looking to elevate your brand or boost product sales, I can assist. If this is a priority for your business, feel free to contact me at Web.techdevelopment@outlook.com