32 жыл күткен тарихи сәт: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: ҰОК

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Қазақстан Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.

Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы): 1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай 2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай 3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай. 

Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *