«Қазақ тілі — кедейдің тілі»: Басы дауға қалған Мәжіліс депутаты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
142
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желілерде қоғам наразылығын тудырған қазақ тіліне қатысты пікірі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Самат Нұртаза бұл жазбаның бірнеше жыл бұрын жазылғанын айтты.
«Бұл пікірді мен 2019–2020 жылдары эмоцияға беріліп, ашу үстінде және сарказммен жазған болатынмын. Біреулер бұл сөзді контекстен жұлып алып, мағынасын бұрмалаған. Бұл скриншот жыл сайын дерлік қайта шығып отырады», – деді ол.
Сонымен қатар халық қалаулысы осы мәселеге байланысты бүгін ресми мәлімдеме жариялауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Пікірлер (0)