Абай облысында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру бойынша өткізілетін іс-шаралар

Жаңалықтар
view 134
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 4-8 қараша аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.  

Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.  

Аталған іс-шараға: Өмірханов Мақсат Ерланұлы – Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры,  Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы, Ботаханов Мақсат Дүйсенбекұлы - Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ теолог маманы, Смадьяров Бахтияр Серікұлы - Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушы.  

Түсіндіру тобының мүшелері Абай облысы аумағында мешіт, мектеп, ЖОО мен колледж базасында болды. Олар жастар арасында «Интернет желісіндегі күмәнді сайтардың қаупін түсіндіру», «Рухани келісім – қоғамның басты құндылығы» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ЖОО мен колледж студенттері мен мұғалімдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар және т.б. топтар қамтылды.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *