Ұлытау облысында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру бойынша өткізілетін іс-шаралар
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 4-8 қараша аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Сақан Дастан Дарханұлы - Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» теологы, исламтану ғылымдарының магистірі, Сейтжанова Гулбану Орынбасаровна - «Аманат» партиясы Ұлытау облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, психолог, Азберганов Нұрсұлтан Эркинбайұлы - «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» дінтанушысы, Омаров Тұрған Гельманұлы – Қостанай облысы «Ақниет» ҚҚ дінтанушысы.
Түсіндіру тобының мүшелері Ұлытау облысы аумағында жастар ресурстық орталығы, мектеп, кітапхана, ЖОО мен колледж базасында болды. Олар жастар арасында «Жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары», «Діни экстремизм, фундаментализм және фанатизм» және т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ЖОО мен колледж студенттері мен мұғалімдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар және т.б. топтар қамтылды.
Пікірлер (0)