Әділет министрлігі Ата заң күнін атап өту датасы қай жағдайда өзгеретінін түсіндірді

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: дереккөз

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елде Конституция күнін атап өту датасы қай жағдайда өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ агенттігі агенттігі.

Жаңа Ата заң жобасында республикалық референдумда (15 наурыз) Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жариялануы мүмкін екені аталып өткен.

Бұл норма жаңа Конституция жобасының 94-бабында жазылған. - Халық Ата заңның жаңа редакциясын қолдап дауыс берсе, онда 15 наурыз Конституция күні болады. Осыдан кейін бұған дейінгі дата – 30 тамыздағы мерекенің күші жойылады.

Сондықтан 15 наурыздағы халықтың шешіміне қарай келесі қадамдар жасалады, - деді Е. Сәрсембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Жақында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конституция күнінің өзгеруіне қатысты пікір айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *