Әділет министрлігі өкілеттігін кеңейтеді: зияткерлік меншікті қорғау саласындағы өзгерістер БАҚ-қа қандай қауіп төндіреді

Жаңалықтар
view 128
news

Иллюстрация: istockphoto.com/Vaselena

Қазақстанның әділет министрлігі еліміздегі зияткерлік меншікті қорғау саласын өзгертетін заң жобасын ілгерілетуді жалғастырып жатыр, яғни ол құқық иеленушілердің пайдасын қарастырмайды. Ұсынылған жаңашылдықтардың жағымсыз әсерінің бірі - әділет министрлігінің қазақстандық БАҚ-ты бақылауға алуы, деп хабарлайлды  janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Осы орайда композитор, авторлық құқық жөніндегі сарапшы Балнұр Қыдырбек әділет министрлігі өкілдерінің еліміздегі телерадиокомпаниялары, редакция мен баспасына қысым жасау мүмкіндігіне қатысты өз бастамасын қоғамға қалай жеткізгені туралы айтып берді.

Оның айтуынша, заңға енгізілген өзгерістерді талқылау алдында іс-шараға қатысуы мүмкін адамдарға, яғни музыкалық шығармалардың авторлары мен орындаушыларына зияткерлік меншікті қорғауға арналған халықаралық семинарға шақырту жіберген.

«Бірақ хабарландыру басталардан бірнеше сағат бұрын ғана жіберіліп, бейнебайланыспен көру қамтамасыз етілмегендіктен, осы саланың көптеген мүдделі өкілі конференцияға қатыса алмады»,-  деді Балнұр Қыдырбек.

Ол бұл тәсіл тек қолдайтындардың қатысуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылды деп ойлайды.

Мұндай күдік бекер туындамаған, себебі «халықаралық» конференцияға авторлық құқықты басқару және зияткерлік меншікті қорғау  бойынша әлемдік ұйымдардың өкілдері іс жүзінде қатыспаған.

«Тек WIPO өкілдері қатысты. Авторлар мен композиторлар қоғамының халықаралық конфедерациясы (СИЗАК), меншік құқықтарын басқару ұйымдарының халықаралық федерациясы (IFRRO) және өзгелері сияқты зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі ірі халықаралық ұйымдар өкілдерінің болмауы конференцияның айтарлықтай кемшілігіне айналды. Ұйымдастырушылар олардың қатысуын қамтамасыз ете алмады және конференцияны онлайн форматта өткізбеді», - деп атап өтті Балнұр Қыдырбек.

Оның пікірінше, осы жағдай «халықаралық конференция» бастапқыда әділет министрлігінің қитұрқы жоспарына ешкім қарсылық жасамайтын мәдени шара ретінде ойластырылғанын растайды. Олардың кейбіреуін тек баяндамаларының мазмұны  бойынша тануға болады.

Сондай-ақ Балнұр Қыдырбек әділет министрлігінің өкілдері авторлық құқыққа байланысты ескі істер бойынша отандық соттар шығарған шешімдерді бірнеше рет жария түрде заңсыз деп атағанын естігенде абдырап қалғанын айтты.

Оның пікірінше, әділет министрлігі зияткерлік меншікті қорғау саласының даму тарихын жоққа шығарып, мемлекет бұл саланы өзі басқарған кезеңге оралғысы келеді. Қазір авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару қоғамы зияткерлік меншікті қорғаумен айналысып жатқанда, мұндай ұмтылыс ХХІ ғасырдағы еркін адамның феодализм дәуіріне оралып,шаруа болуға ниетті екеніне ұқсайтындай. Бірақ Балнурдың пікірінше, дәл осындай ұмтылыс әділет министрлігінің өз өкілдеріне авторлық және сабақтас құқықтардың орындалуын бақылауға, айыппұл салуға құқық беретін заң жобасын ілерілетудегі ниетін айқындап беріп отыр.

Бір қарағанда ниет жақсы сияқты, авторлар зияткерлік меншігінің тегін пайдаланып жатқанын кеңінен бақылай алмайды, ал әділет министрлігі кейпіндегі  мемлекет бұл жұмысты өз мойнына алады.

Алайда Балнұр Қыдырбек бұл тозаққа тікелей апаратын жол дейді — мұндай құқық әділет министрлігіне өзіне тән емес шексіз бақылау қызметін сыйлайды.

Ол кез келген үйдің жанындағы дүкенде ойнап тұрған радионы мысалға алды. Бірақ бұл қоғамдық орын және мұндай құқық берілген жағдайда әділет департаментінің қызметкері дүкен иесіне «авторлардың есебіне» айыппұл салуы мүмкін.

Балнұрдың айтуынша, тәркіленген қаражатқа қоғамдық бақылау болмайтынын ескерсек, бұл шенеуніктердің дұрыс жолдан таюына әкеледі.

«Жақында ДЗМҰ-ның авторлық құқықты басқару бөлімінің кеңесшісі Миюки Монроиг ханым өз сөзінде мемлекет ешқандай жағдайда өзін-өзі ақтайтын істерге араласпауы керек екенін атап өтті. Халықаралық тәжірибе авторлық құқықты қорғау шенеуніктердің оған ешқандай қатысы болмаған кезде тиімді жүзеге асырылатынын көрсетеді. Әйтпесе, сыбайлас жемқорлық жолында барлық шығармашылық сала құрдымға кетеді»,- дейді сарапшы.

Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі экономиканың креатив саласын дамыту жайлы бірнеше рет айтқанын еске салды. Бірақ әділет министрлігі Қазақстан қосылған зияткерлік меншікті, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауға арналған түрлі халықаралық конвенцияларға қайшы келе отырып, кері бағытта қозғалып жатыр.

Президенттік ұстанымға бұлай саботаж жасау авторлардың құқықығына қамқорлық жасау ниетінің  жоқтығын  көрсетеді.

«Даулы заң жобасын жасаушылар ұсынған өзгерістер ұзақ уақыт бойы міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама мен монополияға қарсы органның сараптамасынан өте алмағаны дәлел бола алады», — деп еске салды сарапшы.

Оның айтуынша,  осыған дейін әділет министрлігі мен мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков пен сенатор Жанна Асанова ұсынған осыған ұқсас заң жобасы Антикор мен монополияға қарсы ведомствоның тексерісінен өтпей ғана қоймай, заңды әзірлегендер «ҚР мемлекеттік қызметінің беделін түсірді» деп айыпталды.

«Ең қызығы қазіргі заңнама зияткерлік меншікті бақылау және қорғау үшін барлық қажетті тетіктерді толық көлемде қарастырады. Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңның 49-бабына сәйкес мұндай бұзушылықтар Қазақстан Республикасының соттарында азаматтық-процестік тәртіппен қаралады. Авторлық қоғам анықталған бұзушылықтар анықталған жағдайда  тиісті өтемақы талап етуге құқылы. Бұған толық жәрдемдесу, барлық қажетті кеңестер мен басқа да қажетті процедура өтемақы төлеуге көмектеседі. Мұндай тәртіп бүкіл әлемде бар», - деп атап өтті Балнұр Қыдырбек.

Ол даулы заң жобасын әзірлеушілер авторлық құқықты бұзу туралы «тәуекел тобының» болуы жайлы да айтқанын еске салды.

Әділет министрлігінің мұқият назар аударатын бұл топқа ең алдымен телерадиокомпаниялар мен баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.

Әділет министрлігінің өкілдері хабарлағандай, радио мен телевизия әр секунд сайын «авторлық құқықты» бұзуы мүмкін. Балнұр Қыдырбек мұны әділет министрлігінің БАҚ-қа заңнамалық тұрғыдан өз бақылауын орнатуға және оны айыппұлдар мен басқа да санкциялардың көмегімен жүзеге асыруға тырысып отыр деп санайды. Сонымен қатар, тек телевизия мен радио ғана емес, электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымынан қалаған жағдайда  плагиат табуға болады, әсіресе, онда ресми баспасөз релиздері жарияланса.

Сондықтан сарапшылар да дабыл қағып, әділет министрлігінің арам пиғылы мен зияткерлік меншікті қорғау саласынан қоғамдық ұйымдарды шығару деген ұмтылысын тоқтатуға шақырады.

Сонымен қатар, сарапшылар әділет министрлігінің іс-әрекеттері Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің ел өміріне қатысуын қысқарту және экономиканы, саясатты, қоғамдық қатынастарды либерализациялау жөніндегі көзқарасымен қандай байланысы бар екенін білмей, дал болды. Әлде, әділет министрлігінің өз жолы бар ма?

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *