Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кездесу кеші өтті (ФОТО)

Руханият
view 317
news

Бүгін, 5 қыркүйек – Алаш қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылы Үкіметтің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни, Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген болатын. Сонымен қатар биыл әдебиет теоретигі, лингвист, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай Қосшы қаласындағы №3 ІТ мектеп-лицейінде «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының сценарисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, кинодрамматург Ұларбек Нұрғалымұлымен кездесу өтті. Сонымен бірге кездесудің қонағы болып Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, алаштанушы, ақын Ықылас Ожайұлы қатысты. Кеш барысында ұлт ұстазының ұлағатты өмір жолымен қатар қазақ ғылымына қосқан үлесі айтылды. Кездесуге №3 ІТ мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Кездесуде Қосшы қалалық Мәдениет үйінің әншілері Ахмет Байтұрсынұлы жеткізген халық әндерін орындады. Кеш соңында Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкей қазақы салт бойынша қонақтардың иығына шапан жауып, алғысхаттармен марапаттады. (Толығырақ «Jana  Bastau»  газетінен оқи аласыздар).

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *