Қосшыда ақындар мүшәйрасы өтті

Руханият
view 189
news

7 қыркүйек күні Қосшы қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахаң салған сара жол» атты ақындар мүшәйрасы өткізілді. Қосшы қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен ақындар мүшәйрасына еліміздің түкпір-түкпірінен 20 шақты ақын өз өлеңдерін жолдаған еді. Жыр бәйгесіне ақын, әдебиет зерттеушісі, «Ахмет. Ұлт ұстазы» телесериалының сценарисі, ақын, кинодрамматург Ұларбек Нұрғалымұлы және Жазушылар Одағының мүшесі, Бауыржан Қарағызұлы төрелік еткен болатын. Ақындар мүшәйрасын «Jana Bastau» газетінің редакторы, жазушы Бақытбек Қадыр жүргізді. Ақтық сынға қазылар алқасының шешімімен төрт ақын өтті. Финалға өткен ақындар өздері жолдаған авторлық өлеңдерін жиналған жұртшылықтың алдында оқып, көрермендер ықылысына бөленді. Мүшәйра нәтижесі бо­йынша І орынды Айбек Оралқан (жүлде – 100.000 тг) қанжығасына байласа, ІІ орынды Әлімжан Шөңгербаев (жүлде – 70.000 тг) иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды Алпамыс Файзолла (жүлде – 50.000 тг) иеленді. Мүшәйраға қатысқан ең жас ақын –  Қосшы қаласының №2 мектеп оқушысы Ақтанберді Ахатұлы көрер­мендер көзайналымына айналып үлгерді. Ол жүлделі 30.000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығына ие болды. Мүшәйра барысында Мәдениет үйінің әншілері «Екі жирен», «Әдемі қыз» әндерін орындап, музыкалық сүйемелдеу көрсетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *