«Айка тізімі»: эскорт қыздардың клиенттері жазалана ма
Фото: видеодан скриншот
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізіміне» қатысты атышулы іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Министрдің орынбасары «Айка тізіміндегі» эскорт қызметін көрсеткен қыздарды жазалау туралы айтты.
«Үкімге қатысты пікір бермеймін, бәрін өздеріңіз білесіз. Интим қызмет көрсеткен тұлғаларды жауапкершілікке тарту бөлігіне келсек, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектелген, сондықтан әр жағдай жеке қаралады», – деді Марат Қожаев.
Айта кетейік бір күн бұрын Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында қалталы ер адамдарға интимдік және «эскорт-сүйемелдеу» қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздарға жеңгетай болған блогерге қатысты сот үкімі шықты.
Пікірлер (0)