Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Жаңалықтар
view 1048
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушы әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Іс материалдарындағы ақпаратқа сәйкес, зейнеткер алдымен жұбайын пәтерінде ұрып-соғып, оны жіппен тұншықтырып, кейін қолымен қылқындырған. Қарияның әйелімен отасқанына 48 жыл болған.

– Сот отырысында сотталушы қылмысын мойындап, өзінің іс-әрекетініне өкінетінін айтты, – деп атап өтті сотта.

Сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *