АҚШ Украинаға қосымша әскери көмек береді
Саясат
140
АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға қосымша 550 миллион доллар әскери көмек көрсететінін хабарлады. Қазір Американың Украинаға әскери көмек көлемі 8,7 миллиард долларға жеткен.
Құрама штаттың Мемлекеттік департаменті жариялаған жазбаша мәлімдемеде «5 айдан астам уақыт бойы Ресейдің айуандық және негізсіз шабуылына ұшыраған Украина халқы өщ бостандығын қорғауда әлемді шабыттандырып отыр» деген. АҚШ-тың 50-ден астам одақтасы Ресей агрессиясына қарсы екенін, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтындығын кезекті мәрте ескертті.
Сонымен қатар ресми мәлімдемеде аталған әскери көмек пакетіне жойқыен артиллериялық зымыран жүйесі (HIMARS) және 155 миллиметрлік артиллериялық жүйелерге арналған оқ-дәрілер енгізілгені жазылған.
Бір күн бұрын Донецк облысы Еленовка поселкасындағы колонияға шабуыл жасалып, кемінде 53 украин тұтқыны опат болды. Ресей және ресейшіл күштердің Украинадағы айуандығын айыптаған Америка, Еуроодақ Путин саясатына қарсы екендерін баса айтты. Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель мәлімдемесінде: «Мұндай қатігез, жабайы әрекеттер Женева конвенциясы мен оған қосымша хаттама шарттарына қайшы және әскери қылмыспен пара-пар. Әскери қылмысқа кінәлілер және жауапты мемлекеттік шенеуніктер мен әскери өкілдер жауапқа тартылады», – деді.
Пікірлер (0)