Тоқаевтың шешімімен Мамин, Досаев, Атамқұлов инвесторлар кеңесінен шығарылды
Саясат
399
Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Нәтижесінде Тоқаевтың шешімімен бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, инфрақұрылымдық даму индустриясының экс-министрі Бейбіт Атамқұлов және Алматы әкімі Ерболат Досаев кеңестен шығарылды.
Мамин 2019-2022 жылдар аралығында Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарған. Атамқұлов 2019 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарды. Екеуі де 2022 жылдың 5 қаңтарында елдегі жаппай толқулар кезінде үкімет құрамында отставкаға кетті.
Жарлық бойынша шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына енген шенеуніктер қатарында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, премьер-министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі Райбек Баталов та бар.
Сонымен, құрамнан шығарылғандардың орнына келген «жаңа есімдер» төмендегідей:
Пірматов Ғалымжан Олжаұлы – Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – Сауда және интеграция министрі;
Қуантиров Әлібек Сәкенұлы – Ұлттық экономика министрі;
Өскенбаев Қайырбек Айтбаевич – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Шарлапаев Қанат Бисімбайұлы – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы;
Зебешев Ардақ Темірханұлы – Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы;
Баталов Райымбек Әнуарұлы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы;
Бела Ференци – Ресейдегі/Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы General Electric компаниясының президенті;
Гари Нагл – Glencore бас директоры;
Уве Нотцер – Knauf International GmbH бас директоры, Knauf Group басқарушы серіктесі;
Николас Террас – Total Energy барлау және өндіру компаниясының президенті, Total Energy Concern атқарушы комитетінің мүшесі;
Кирсти Хелен Уилсон – Baker McKenzie жаһандық атқарушы комитетінің мүшесі, Baker McKenzie International директорлар кеңесі төрағасының орынбасары;
Воробьев Вадим Николаевич – «Лукойл» мемлекеттік акционерлік қоғамының президенті;
Тецуя Шинохару – Mitsubishi корпорациясының Жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің аға вице-президенті, бас директоры.
Пікірлер (0)