Ұлыбританиядағы сайлау кейінге қалдырылды
Саясат
108
Хакерлік шабуыл қаупіне байланысты Ұлыбританиядағы премьер-министр сайлауы кейінге шегерілді.
Британ үкіметтік байланыс орталығы ұлттық киберқауіпсіздік орталығының ұсынысымен осындай шешім қабылдады. Аталған мекеме келтірген дерек бойынша хакерлер сайлауға араласып, бюллетеньдерді өзгертуге тырысқан.
Негізі дауыс беру бюллетеньдері осыдан екі күн бұрын Консервативтік партия өкілдеріне пошта арқылы жіберілуі керек болатын. Енді ол 11 тамызда жолданып, дауыс беру тәртібіне өзгерістер енгізілмек.
2019 жылы премьер-министр болған Борис Джонсон 7 шілдеде Ұлыбританияның премьер-министрі және консервативті партиясының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол Министрлер кабинетінің жаңа басшысын тағайындағанға дейін міндеттерін жалғастырады.
YouGov сауалнамасына сай, Ұлыбританияда халықтың 60%-ы үкіметтің жұмысына сенбейді, ал Джонсонға сенбейтіндердің үлесі – 71%. Егер Британияда өткен аптада парламент сайлауы болса либералистер консервативтерді жеңіп, басым дауысты ие болар еді дейді әлеуметтанушылар.
Пікірлер (0)