Ауған әйелдері шеруге шықты

Саясат
view 257
news

13 тамызда Кабул әйелдері бостандықты, білім алу, жұмыс істеу құқығын қорғау үшін шеруге шықты. Бір жыл бұрын «Талибан» қозғалысы бүкіл Ауғанстан билігін басып алған болатын. Олар әйелдердің құқықтарын құрметтеуге уәде берген еді. Әйелдердің білім алып, еңбек етуіне тиым салмайтындарын айтқан. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. «Біздің оқып, жұмыс істегіміз келеді» деген ұранмен 40-қа жуық әйел Кабул көшелеріне шығып, Білім министрлігіне арызданды. Алайда бәрі сәтсіз аяқталды. Демонстранттарды тарату үшін ауаға оқ атылып, салдарынан бірнеше  әйел  соққыға ұшты. Талибандар билікке келгеннен кейін, 10 000 қыз оқушы мектептен шығарылды. Әйелдерге мемлекеттік лауазымдағы қызметтерді атқаруға және бизнес жүргізуге тыйым салынды. Нәзік жандыларға білім беру және медицина саласында ғана  жұмыс істеуге рұқсат етілді. Кей жерлерде әйелдерді бұл салаларға да жақындатпайды. Сондай-ақ әйелдер жалғыз жүре алмайды. Ер адамның рұқсатынсыз үйден шығуға тыйым салынған. 2022 жылдың наурызынан бастап ерлер мен әйелдерге саябақтарға бөлек-бөлек баратын болды.  Ал мамыр айынан бастап Талибан басшысы Хибатулла Ахундзада әйелдердің барлық жерде хиджаб киюін талап етті. БҰҰ-ның жақында жасаған баяндамасында әлемде талибандар секілді «Әйелдер мен қыздардың құқығына осыған дейін ешкім ауқымды, жүйелі және жан-жақты түрде нұқсан келтірілмегені» туралы айтты. Сонымен жағдай шынымен де күрделі ме? Ауғанстанда «түскі асты дәмді етіп пісіре алмады» деп жас келіншекті  тірідей өртеп жіберген. Бұл туралы SkyNews эфирінде құқық қорғаушы Наджла Аюби хабарлады. Америка Құрама Штаттарына қашып кеткен құқық қорғаушы Аюби Ауғанстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен өлтіру деректерін жинайды. Тәліптер әйелдерді секс-құлдыққа алып кетіп жатқанын да жеткізді. 18 тамызда содырлар төрт баланың анасы Фаряб провинциясының тұрғынын өлтірді. Талибанға тамақ дайындаудан бас тартқаны үшін өлімші етіп сабаған. Марқұмның қызы «Анам есінен танып қалды, олар оны АК-47 автоматтарымен ұрды» деген мәлімдеме жасаған. Осындай жан түршігерлік оқиғалар өте көп. Ауған әйелдері талибандардың адам сенгісіз ережелерінің құрбаны болып жатыр. Ауған әйелдері «Құтылудың жалғыз жолы – қашу» деп  Ауғанстаннан кетіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *