Әкесі баласына алимент төлемеу үшін өзінің қайтыс болғанын айтқан
Фото: Видеодан скрин
Қарағанды облысының тұрғыны анасы арқылы ол өзін "қайтыс болғанын" мәлімдеп, алимент төлеуден жалтармақ болған.
Қарағанды облыстық жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжановтың айтуынша, борышкер алимент төлеуден қасақана жалтарып отыр. Сондай-ақ берешектің пайда болуына байланысты жүргізуші куәлігін тоқтата тұру туралы сотқа жолдама берілді.
"Сот құрған чатта борышкер анасының атынан қайтыс болғанын жаза бастағанда таңғалдық. Әрине, біз сұраныс жасадық және борышкердің тірі және сау екенін анықтадық (сонымен бірге оның психикалық жай-күйіне де өтініш жолдадық). Сонымен қатар борышкер күн сайын TikTok желісінде түрлі контент жарялап отырды", – деді сот орындаушысы.
Бір қызығы, тіпті тыңдау күні де борышкер қалалық зираттардың бірінде "6-нөмірлі қабірде" жатқанын жазды.
"Мен АҚШ-та адам өзін басқа адам/болмыс/зат ретінде таныстыра алады деп естігенмін, бірақ Қазақстанда мұндайды алғаш көруім. Борышкерлер өздеріне кедергі келтіретін тыйымға тап болғанда, әрқашан құқығына нұқсан келгені туралы айта бастайды. Енді мені мынадай сұрақ мазалайды: борышкер қарызды ерте ме, кеш пе өтейді және тыйымды алып тастауға келеді, мен өзін өлі деп таныған адамның құқығына нұқсан келтірмеймін бе, өйткені қайтыс болған адамға жүргізуші куәлігі беріле ме?"– деді Саят Ахметжанов.
Пікірлер (0)