Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек сайт арқылы көрсетіледі

Жаңалықтар
view 357
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсететін сайт іске қосылады деп хабарлайды janabastau.kz.

Еелімізде құмар ойындар мен бәс тігудің себептері мен ауқымы туралы республикалық әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылған Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарда айтылған. 

Кешенді жоспарда 4-бағыт бойынша 42-іс-шара қарастырылған. Бағыттары мыналар:

  • Қазақстанда құмар ойындар мен бәс тігудің себептері мен ауқымы туралы республикалық әлеуметтік зерттеу жүргізу;
  • - лудоманиямен ауыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсету бойынша интерактивті сайтты (онлайн-чат, сенім телефоны) іске қосу; 
  • - жарнама туралы, байланыс туралы заңнамаға букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (SMS, қоңыраулар және т. б. арқылы) жарнамасын жіберуге тыйым салуды енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу; 
  • - құмар ойындарға тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды медициналық оңалту жөніндегі қызметті лицензиялауды ұйымдастыру.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *