Алматы маңында Үндістаннан келген студенттер көз жұмды

Жаңалықтар
view 116
news

Фотосурет: видео скриншот

Әлеуметтік желілерде Алматы маңындағы жол апаты туралы жаңалықтар жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Кейінірек қайғылы оқиғаның 6 қаңтарда «Алматы-Бішкек» тасжолының 86-шақырымында болғаны анықталды. Үш адам көз жұмып, тағы үш адам жарақат алған. Полиция қылмыстық іс қозғады. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard көлігінің 33 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылып кеткен. Ол апат салдарынан алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейін екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, ал тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады полиция департаменті. 

Қазақстандағы Үндістан елшілігі көлікте бес үнді азаматы болғанын хабарлады. Олар Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист. Елшілік марқұмдардың отбасына көңіл айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *