Астанада мас күйінде ұсталған судьяға қатысты сот шешімі шықты

Жаңалықтар
view 80
news

Фотосурет: дереккөз

Астанада мас күйінде ұсталған судьяға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әсел Досаева былтыр 1 қарашаға қараған түні ұсталған болатын. Рөлге мас халде отырған судьяның көлік жүргізу куәлігі де болмай шықты.

Құжаттың мерзімі төрт ай бұрын өтіп кеткен. Ал медициналық сараптамада Досаеваның мастығы «жеңіл» деп көрсетілген. Судья Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы, 8-бөлігі (көлікті мас күйінде жүргізу) бойынша жауапқа тартылды. Бапта әкімшілік қамаққа алу жазасы да бар. Бірақ Досаеваның кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар екені ескерілген. Заң бойынша ондайда қамауға алу жазасы қолданылмайды, айыппұл ғана салынады.

Сот шешімімен бұрынғы судьяға 200 АЕК (786 400 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Былтыр ол жұмыстан да шығарылған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *