Алматыда студент оқытушыны пышақтап тастады: тың деректер белгілі болды
Фотосурет: Alt University
Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқытушыға жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен оқу орны әкімшілігінің дерегінше, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алматыдағы университетте студент оқытушыны пышақтап тастады (ВИДЕО)
Оқытушы жұмысын жалғастырып жатыр
Оқиға ALT University ғимаратында болған. Студент өзімен бірге пышақ алып кіріп, 35 жастағы оқытушыға ерлер дәретханасында шабуыл жасаған.
Күдікті ештеңе айтпастан, үнсіз әрекет еткен. Оқытушы мойын тұсынан жарақат алған, алайда өміріне тікелей қауіп төнбеген. Күдіктіні университеттің күзет қызметі бірден ұстап, кейін полицияға тапсырған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ЖОО әкімшілігі оқытушының тірі екенін және жұмысын жалғастырып жатқанын растады. Олардың айтуынша, болған жағдайға қарамастан, ол ауыр жарақат алмаған.
Полиция мәлімдемесі
Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәліметке сәйкес, қақтығыс оқу үдерісі мен бағаларға байланысты болуы мүмкін, алайда бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ. Студент ақылы бөлімде оқығаны және бұрын тәртіптік құқықбұзушылықтар бойынша есепте тұрмаған. Кінәсі дәлелденген жағдайда, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Пікірлер (0)