Алматыда тағы бір оқушы қыз биіктен секіріп мерт болды
Сурет: realt.onliner.by
Белгілі болғандай ол үйінен қосымша сабаққа деп шығып кеткен. Бірақ, жолда бағытын өзгертіп, 13-қабатқа шығады. Сол жерде осындай қайғылы әрекетке барады. Желіде тараған ақпаратты Алматы полициясы растап отыр.
"Болған жағдай бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданы полициясы қылмыстық іс ашты. Себебі мен жағдайға түрткі болған жағдайлар тергелуде",-деді полиция баспасөзі.
Полиция желідегі болжам яғни "Қыз "синий кит" ойынын ойнаған", "Өлім алды хат жазған" деген болжам шындыққа жанаспайтынын айтты. Полиция елді жалған ақпаратқа сендіріп жүргендер жауапқа тартылатынын ескертті.
Есте болса 4 күн бұрын 7- сынып оқитын екі қыз биіктіктен секіріп мерт болған еді. Олардың сөмкесінен өлімге алдын ала дайындалған айғақтар мен белгілер табылған еді.
Пікірлер (0)