Түркі әлемінің көрнекті ғалымы мезгілсіз дүниеден өтті
Сурет: Ашық дереккөзден
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев мезгілсіз дүниеден өткен Зейнеш Исмаилдың отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады janabastau.kz.
Бұл туралы ТҮРКСОЙ-дың ресми сайты мәлімдеді.
«Доктор, профессор Зейнеш Исмаилдың қайтыс болуы жаныма қатты батты. Түркі әлемінің елеулі ғалымдарының бірі Зейнеш Исмаил туындыларымен түркі әлемінде алтын көпірлер орнатты. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді ол.
Зейнеш Исмаил түркі халықтарының рухани және мәдени байланыстарын нығайтуға үлес қосты. Өмірінің соңғы кезеңдерінде ол Түркі әлемі ұйымдарының өкілі ретінде белсенді жұмыс атқарып, түркі халықтарының ортақ мәдени мұраларын сақтап, насихаттау ісімен айналысты.
Одан бөлек, қазақ тілді шығармаларды түрік тіліне аударуға ықпалы тиген азамат шетелде жүрсе де ел мәдениетін дамытып жүр. Жамбыл Жабаевтың айтысы мен шығармаларын Абай жолын, түрікше сөйлеткен қазақ Түркияда ресторан ашқан. Зейнеш Исмаил мен Сәуле Исмаил Анкарада алғаш және жалғыз қазақ ресторанын ашқан. "Отау" мейрамханасына келген туристер тамақтың дәмі тіл үйіретінін айтады.
Пікірлер (0)