Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы далаға түнеп жүр

Жаңалықтар
view 1276
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Тележүргізуші Жанар Байсеміз америкалық отбасы асырап алған жігіттің қазіргі кезде үйсіз қалғанын айтып, көпшілікті оны қолдауға шақырды, -  деп хабарлайды  janabastau.kz Aikyn.kz материалына сүйеніп.

«Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының кезекті кейіпкері Сұлтан Кәрімов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық отбасы оны 3 жасында асырап алған. 

«Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасына түскен баламыз қазір өмірдің ауыртпалығын тартып жүр. Үй-күйсіз далада түнеп жүр екен. Тұратын жері жоқ. Асырап алған адамдардан қайыр жоқ. Сұлтан бұған дейін Нью-Йорктегі белді университетке түскен еді. Алайда тұрмыс тапшылығынан оқуына бара алмай жүр. Өзі өте білімді, талантты жігіт. Мүмкін біздің қолдауымыздан кейін аяғынан тұрып кетер", - деп жазды жоба авторы.

Америкалық ата-анасы оған Ноа Маршалл есімін қойған. Сұлтанмен бірге, тағы бір ұл бала асырап алған.

«2002 жылы мені АҚШ-қа алып кетті. Өзімнен бір жас кіші інім бар. Оны да сол балалар үйінен асырап алған. Асырап алған ата-анам мен сегіз жасқа келгенде ажырасып кетті. Сөйтіп, екі үйдің арасында өстік. Интернеттен ата-анамды іздедім. Анамды табатын шығармын деген үміт болады. Құжаттарда туған әкем қайтыс болғаны жазылған. Шын ба, өтірік пе білмеймін», - дейді Сұлтан Кәрімов.

Жанар Байсеміз үйсіз жүрген Сұлтанға көмек көрсету үшін, реквизит қалдырды. Қазіргі уақытта 600 мың теңгедей жиналған. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *