Ән мен би, отшашу: Қосшы 4 жылдығын ерекше атап өтті

Қосшы жаңалықтары
view 286
news

Фотосурет janabastau.kz

Қосшыда 4 жылдық мерейтойға арналған Гала концерт жоғары деңгейде өтті. 

Қосшы қаласының төрт жылдық мерейтойына арналған мерекелік Гала концерт қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Кештің салтанатты ашылуы, танымал жұлдыздардың өнер көрсетуі және мерекелік отшашу – мерекені есте қаларлық мәдени оқиғаға айналдырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Кештің шымылдығын ашқан өнерпаздар

Қосшы қалалық Мәдениет үйінің әншілері әсем әндерімен мерекелік кештің шымылдығын ашып, ұлттық күйден шашу шашты. Ал түрлі өнер орталықтарының бишілері сахнаға ерекше сән беріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жұлдызды қонақтар мерекелік кештің көркін қыздырды

Концерттің басты ерекшелігі – отандық эстраданың танымал жұлдыздарының қатысуы.

«Нұрлан & Мұрат» дуэті, AUKA, Қобыланды Болат сынды өнерпаздар сахна төрінде көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кештің хедлайнері – Артур. Оның сахнаға шығуы алаңдағы атмосфераны жандандырып, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді.

Қосшы қаласының 4 жылдық мерекесі – тек қала тұрғындары үшін ғана емес, өнерді сүйетін барша қауым үшін үлкен мереке. Бұл кеште өнерпаздарымыздың сахналық деңгейі мен кәсіби шеберлігі тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Жанрлар тоғысы – тыңдарманға сыйлық

Гала концерттің бағдарламасы халық әндерінен бастап заманауи поп-әндерге дейін түрлі жанрды қамтыды. Ән мен би композициялары кәсіби деңгейде орындалып, мерекелік кештің сәнін арттырды.

Отшашумен аяқталған мерекелік кеш

Кеш соңында аспанға атылған түрлі-түсті отшашулар Қосшының 4 жылдық мерейтойын айрықша сәндеді. Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік кештен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты

Мәдениетке серпін берген мереке

Қосшы қаласының 4 жылдық мерекесіне арналған бұл Гала концерт – қаланың мәдени өміріндегі ірі оқиғалардың бірі. Мерейтойлық кеш қала мәдениетінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетіп, тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *