Қосшы қаласы 4 жылдығын атап өтуде: Мәслихат төрағасы тұрғындарға құттықтау жолдады
Фотосурет ашық дереккөзден
Қосшы қаласының мәслихат төрағасы Әлібек Қуатбеков қала тұрғындары мен қонақтарын Қосшының 4 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өз құттықтауында Қосшының қысқа уақыт ішінде жасампаздық пен іскерліктің арқасында өсіп-өркендегенін атап өтті:

«Тарих үшін қас қағым сәт болғанымен, біз үшін бұл төрт жыл – ерік-жігер мен еңбектің төрт жылы болды. Мәслихат депутаттары, атқарушы орган өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және қала белсенділері тұрғындардың жайлы өмірі үшін аянбай еңбек етіп келеді», – деді Қуатбеков.
Қала бас жоспарына сәйкес инфрақұрылымның жаңартылып жатқанын айтқан мәслихат төрағасы білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және кәсіпкерлік салаларының серпінді дамуына тоқталды.

«Қосшының өркендеуі – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Ынтымақ пен бірлік арқасында жас қаламыздың алар асуы мол», – деп түйіндеді ол.
Мерекеге орай Қосшыда мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Оқи отырыңыз



Пікірлер (0)