Қосшы қаласының әкімі тұрғындарды қала күнімен құттықтады

Қосшы жаңалықтары
view 96
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қосшы қаласының әкімі тұрғындарды қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы қала тұрғындарын және Тайтөбе ауылының халқына арналған мерекелік құттықтауын жариялады.

Әкім өз сөзінде Қосшы қаласының 4 жылдығы — аймақтың дамуындағы маңызды белес екенін атап өтті.

«2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Қосшыға қала мәртебесі берілді. Бұл — жаңа мүмкіндіктердің бастауы болды. Содан бері қаламыздың дамуына бірге еңбек етіп келеміз», — деді қала басшысы.

Азамат Есімұлы Қосшының бүгінде өсіп-өркендеген, тұрғындары белсенді, болашағы зор қалаға айналып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол қала тұрғындарына амандық, денсаулық, береке-бірлік тіледі.

Қосшы қаласының 4 жылдық мерейтойына орай бірқатар мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шаралар өтуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *