Әнші Марат Омаров Лас-Вегастан өнер орталығын ашып алды
Фото: видеодан скрин
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров АҚШ қаласы Лас-Вегаста өнер орталығын ашқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші бұл көптен күткен арманы екенін, еңбек пен табандылықтың жемісі екенін атап өткен.
Тәуелсіздік күні – Америкада, Лас Вегаста өнер орталығымның есігін аштым. Бұл – менің көптен күткен арманым, бұл сенімділік, еңбек пен табандылықтың жемісі. Қазақ өнері әлемге танылып, өнер шекарадан ассын деген ниет. Тәуелсіз елімнің атын биік ұстап, өнер арқылы тарих жазу – мен үшін үлкен жауапкершілік, – деп жазды Марат Омаров.
Оның қызы, әнші Зарина Омарова да әкесін қуанышты сәтімен құттықтады.
Папа, Лас-Вегас төрінде ашылған өнер орталығыңызбен құттықтаймын. Нағыз өнерлі өнерпаздар шығатынына күмәнім жоқ. Сіз өзіңіз де жас кезіңізден қаншама шәкірт тәрбиеледіңіз, соның ішінде өзім де бармын. Сізге тілерім тек сәттілік және өмірге деген өнерге деген шабытыңыз ешқашан таусылмасын. Менің оқырмандарым, құттықтап қойсаңыздар болады, – деді ол.
Пікірлер (0)