Президент Астананың бірқатар нысанын аралады

Жаңалықтар
view 76
news

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың бірқатар нысанын аралап, көрді. Президент Tausogar зауытына да барды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.

Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.

Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *