Ақмола облысында 6 адам қар құрсауында қалып қойған

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: Kazinform

Ақмола облысының Жарқайың ауданында қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған 6 адамға Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көмек көрсетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жеңіл автокөлік жолаушыларымен бірге Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласы бағытында келе жатып, жолдан шығып кеткен. Соның салдарынан көліктегі азаматтар бағытынан адасып, қозғалысты өз бетінше жалғастыра алмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты адамды қауіпсіз жерге эвакуациялап, оларды жылыту пунктіне орналастырды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі қысқы кезеңде алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият қадағалап, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға және қолайсыз метеожағдайларды ескеруге шақырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *