Астана құтқарушылары тұрғындар мен қала қонақтарына үндеу жасады
Фото: El.kz
Елорда құтқарушылары Астана тұрғындары мен қонақтарына алдағы күндері қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы үндеу жариялады. Себебі, жақын күндері қалада қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан хабарламаға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті үш бағыт бойынша сақтық шараларын күшейтуді сұрайды:
1. Жолдардағы қауіпсіздік: Тұрғындарға дауылды ескертулерді мұқият қадағалау және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тарту ұсынылады. Ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы ақпаратты СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы бақылау қажет.
2. Су айдындарындағы қауіп: Қыс мезгілінде мұз толық қатпаған су айдындарына шығу өте қауіпті.
3. Өрт қауіпсіздігі: Жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар! – деп хабарлады ТЖД қызметкерлері.
Пікірлер (0)