Ауа райына байланысты Ақмола облысында жол жабылды

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: zakon.kz

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Астана – Щучинск арасындағы негізгі тасжолдың үлкен бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Шұғыл қызметтердің хабарлауынша, 2025 жылдың 16 желтоқсанында сағат 09:45-тен бастап келесі автожол учаскесінде қозғалыс шектелді: «Астана – Көкшетау – Петропавл». Учаске: 18-шақырымнан 232-шақырымға дейінгі аралық, яғни Астана қаласынан Щучинск қаласына дейінгі бағыт.

Бұл шектеулер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Жол қызметтерінің мәліметінше, трассаның ашылуының болжамды уақыты – 2025 жылдың 17 желтоқсаны сағат 08:00.

Жүргізушілерге сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты міндетті түрде ескеружәне жолдардың жағдайы туралы ресми хабарламаларды қадағалап отыру ұсынылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *