Ақмола облысында білім берудің цифрлық мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Фото: Ресми дереккөзден
Ақмола облысында білім беру жүйесін цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Басты мақсат – білім сапасын арттырып, оқушылар мен педагогтер үшін заманауи цифрлық орта қалыптастыру, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
🔹 Өңірдегі мектептердің 100%-ы интернет желісіне қосылған.
🔹 161 мектепке Starlink спутниктік жабдығы орнатылып, 150–230 Мбит/с жылдамдықтағы интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді.
🔹 Мектептерде 46 мыңнан астам компьютерлік техника пайдаланылуда.
🔹 2025–2026 оқу жылында 134 мектеп талшықты-оптикалық байланыс желісіне қайта қосылды.
Бүгінде цифрлық технологиялар, онлайн платформалар, интерактивті құралдар және жасанды интеллект білім беру процесінің маңызды бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру – тек техникалық жаңғырту емес. Бұл – оқушылардың цифрлық сауаттылығын, сыни ойлауын және жаңа технологияларды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция.
Заманауи мектеп – заманауи білім, ал цифрлық мүмкіндіктер – болашаққа жасалған қадам!
Пікірлер (0)