«Жасыл Ел» — жастардың еңбегі мен белсенділігін біріктірген жоба
Фото: Ресми дереккөздкн
Биыл жазда Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларынан 1 мыңға жуық жас «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының құрамында жұмыс істеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жастар елді мекендерді абаттандыруға, қоғамдық аумақтарды күтіп ұстауға және басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстарға атсалысты. Барлық қатысушымен еңбек шарты жасалып, бұл көптеген мектеп оқушылары мен студенттер үшін алғашқы ресми жұмыс тәжірибесіне айналды. Жобаға облыстың барлық аумағы қамтылды. Ең ірі еңбек жасақтары Көкшетау, Степногорск қалаларында, Бурабай және Целиноград аудандарында жұмыс істеді.
«Жасыл Ел» — бұл тек еңбекпен қамту емес. Бұл — жауапкершілікке, еңбек тәртібіне және командалық жұмысқа баулитын, туған өлкені көркейтуге үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды жастар жобасы.
Еңбек еткен жас — ел болашағына үлес қосқан жас!
Пікірлер (0)