Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп жаңарды
Фото: Ашық дереккөзден
Зеренді ауданындағы Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар бастауыш мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңарған білім ордасы оқушылар мен ұстаздарға жайлы әрі қолайлы жағдай ұсынады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мектеп ғимараты 1968 жылы салынған, 1973 жылдан бері білім беру нысаны ретінде жұмыс істеп келеді. Қазір мұнда 0–4 сыныптарда 21 оқушы білім алып, 3 мұғалім еңбек етеді.
Күрделі жөндеу жұмыстары кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізілді. Бұл іске «Намыс Групп» ЖШС басшысы, аудандық мәслихат депутаты Ерден Елеулов пен «Кемид» ЖШС басшысы Андрей Шарипов қолдау көрсетті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Асет Құрманғожин кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, олардың қолдауын туған өлкенің болашағына жасалған маңызды инвестиция екенін атап өтті.
Ерден Елеуловке «Зеренді ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен алғыс хат, ал Андрей Шариповке алғыс хат табысталды.
Жаңарған мектеп – ауыл балалары үшін сапалы білім алуға, дамуға және үлкен армандарға қадам басуға жаңа мүмкіндік.
Пікірлер (0)