Ақмола облысында көліктен 24 млн теңге ұрлағандар ұсталды

Жаңалықтар
view 92
news

Фото: polisia.kz

Ақмола облысында Mercedes-Benz көлігінен 24 млн теңге ұрлаған күдіктілер үш күндік іздеуден кейін қолға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиғаның мән-жайы

20 қарашада Аршалы аудандық полициясына жергілікті кәсіпкер көлігінен ақша ұрланғанын айтқан. Көліктің ішінде 24 млн теңге болған. Хабар тіркелген соң полицейлер дереу іздеу шараларын бастаған. Іздеу жұмыстарына облыс пен астананың патрульдік полициясы да жұмылдырылды.

Қылмыскерлердің ықтимал маршруттары зерттеліп, олардың жеке басы анықталды, бақылау камераларының жазбалары талданды. Іс облыстық Полиция басқармасының қадағалауында болды.

ІІМ мәлімдемесі

Қысқа мерзім ішінде оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен олардың мекенжайы анықталды. Үш күндік іздеуден кейін Аршалы ауданында Қызылорда облысының 27 және 29 жастағы екі тұрғыны ұсталды, — деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда. Тергеу барысында олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Бұған дейін Ақмола облысында су тасқынына бөлінген қаржыны ұрлағандарға шыққан үкім өзгеріссіз қалғанын жазған болатынбыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *