Ақтаудағы ұшақ апаты: Жақында тергеу туралы ақпарат жарияланады
Фото: instagram.com/mangystau_audany
Үкіметте өткен брифингте Көлік вице-министрі Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (Azal) ұшағына қатысты тергеу есебі жыл соңына дейін ұсынылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтауда полиция генералы қылмыстық топ құрды деп айыпталып жатыр
Ақтаудағы ұшақ апатына кім пәрмен берді? Ресейлік капитанның хаты жарияланды
Вице-министр не деді
Шенеунік үш айдағы алғашқы алдын ала нәтижелерді тиісті комиссия толығымен ұсынғанын еске салды. Қазір күрделі сараптамалар, тереңірек тергеу жүргізіліп жатыр. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл - көп еңбекті қажет ететін жұмыс, соңында БАҚ-қа қорытынды есеп беріледі.
"Қазір нақты мерзімін атай алмаймыз. Бұл - өте маңызды мәселе, сондықтан күнін нақты айта алмаймын. Бірақ жыл қорытындысы бойынша баспасөз релизін ұсынамыз", - деді вице-министр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтаудағы ұшақ апатының алдында ұшқыштар мен диспетчердің не туралы сөйлескені белгілі болды
Ақтаудағы әуе апатында бір-бірінен көз жазып қалған ерлі-зайыпты қауышты
Ақтаудағы апат: қара жәшікте не бары белгілі болды
Ұшақ апаты
Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы қайтыс болды.
Пікірлер (0)