Ақтөбелік жас футболшының үйінен 3 адамның мәйіті табылды

Жаңалықтар
view 219
news

Фотосурет: fcaktobe_official

Ақтөбеде кәмелетке толмаған футболшы және оның әжесі мен немере ағасы қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, бүгін «Актөбе» жасөспірімдер футбол клубы 15 жастағы ойыншы Арон Мұсаның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Аронның отбасы орны толмас қайғыға душар болды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз, – делінген ол хабарламада.

Ал облыстық ТЖД мәліметінше, 12 қазанда құтқарушылар Кутуев көшесіндегі үйге шақырту бойынша барып, 3 адамның мәйітін тапқан.

Оқиға орнына келген құтқарушылар өрт белгілерін таппады. Бірақ 3 адамның мәйітін анықтады. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады, – деді ТЖД өкілдері.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *