«Ислам халифатында отыруымыз мүмкін еді»: депутат Қаңтар оқиғасы туралы айтты (ВИДЕО)
Фотосурет: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Qasqa Jol Youtube-арнасына берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы туралы да пікірін білдірді деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оған нақты бір саяси баға берілген жоқ. Алдағы уақыттарда, 29-жылдарға дейін бағасы беріледі деп ойлаймын. Қаңтарды ұйымдастырған қоғам, халық емес, ескі биліктің төңірегіндегі жандайшаптар. Ислам радикалдары бар. Егер сол қаңтарда қоғам, билік орнынан кеткен жағдайда, бәлкім, біз қазір ислам халифатында отыруымыз мүмкін еді, - деді депутат.
Сондай-ақ ол «ескі Қазақстан» мен жаңа биліктің арасында тартыстың әлі де бар екенін жасырмады.

Ескі Қазақстанда кеткеннің бәрі шал емес қой. Ішінде тепсе темір үзетін жастар да бар. Мысалы, Бауыржан Байбек. Одан басқа да астаудан қағылған «ескі Қазақстанның» талай өкілі бар. Лауазымнан қағылған бәрінің ішінде зығырданы, ашуы бар ғой. Олар әлі де өздерінің өтелмеген парызы бар деп есептеуі мүмкін. «Былай болса, біздікі мынадай болар еді» деген сияқты ішкі ойы болуы ықтимал. Ол өзінен өзі қорытылып, әлдебір әрекетке бастайтын жағдай тууы мүмкін ғой. Осы тұрғыда, әрине, тартыс бар деп ойлаймын, - дейді Ермұрат Бәпи.
Пікірлер (0)