Ашық әкімдік – халық пен биліктің арасын жалғайтын арқау жіп
Сұхбат
5153
Қосшы қаласы әкімдігі халыққа қолайлы мемлекеттік қызмет түрлерін ұсыну мақсатында 2022 жылғы 1 сәуірде «Ашық әкімдік» форматында жұмыс істеуді қолға алған болатын. «Ашық әкімдіктің» халық пен билік органдарыны үшін қандай мән-маңызы бар және қазірге дейінгі атқарған шаралары туралы Қосшы қаласы мемлекеттік қызмет жөніндегі бас инспекторынын міндетін атқарушы Айтбаева Асем Талғатовнамен әңгімелескен едік. Назарларыңызға соны сұхбатты ұсынамыз.
Электрондық қызмет көрсету деңгейі бойынша Қосшы қаласы республикалық орташа көрсеткішпен салыстырғанда қай деңгейде? Сіздердің жұмыстарыңызда әлі ескерілмей жатқан қандайда бір кедергілер бар ма? Интернет қуаты жеткілікті ме?
Бүгінгі күні «ашық әкімдік» ай сайын 1000-нан астам адамды қамти отырып, "Ашық әкімдік" форматында жұмыс істейді, келушілер үшін жұмсақ күту аймағы бар зал жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы барлық қажетті жабдықтармен жұмыс істейді: интернетке шығатын компьютер, сканер, принтер, картаны оқу құралы. Бұдан басқа, қала әкімі мен оның орынбасарларының халықпен «ашық диалог» форматында жұмыс істеуі үшін кеңсе жұмыс істейді. Әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін өткізілетін азаматтарды жеке қабылдауға арналған аймақ бар.
Электрондық қызмет көрсетумен қамтылмаған тағы қандай қызмет түрлері бар және оларды цифрландыруға енгізуге не кедергі? Статистикалық мәлімет бойынша айына, жылына қанша қызмет көрсетіледі? «Ашық әкімдіктің» келушілердің барлығына қызмет көрсетуге күші жете ме?
Ашық әкімдік базасында азаматтардың жазбаша өтініштерін қабылдау жүргізіледі, бейінді бөлімдердің мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қабылдау және келушілермен өзге де консультациялық жұмыс жүргізеді. Қызмет көрсету орындары компьютерлік техникамен жабдықталған, жергілікті желіге қосылған, қажетті мәліметтер базасы орнатылған. Электрондық кезектілік талонын және кезектілік ақпараттық тақтасын алуға арналған жүйе орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған (пандустар, тұтқалар, шақыру түймесі), белгі бар.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық тұрмыстық бөлмені жабдықтау жоспарлануда. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Стенд қоғамдық орында, стендтегі ақпарат қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер ескеріле отырып жаңартылды. Қосшы қаласы әкімінің аппараты тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуге талдау жүргізеді. Қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 64 түрін (150 кіші түрін) көрсетеді.
Электрондық қызмет көрсету деңгейі бойынша Қосшы қаласы республикалық орташа көрсеткішпен салыстырғанда қай деңгейде? Сіздердің жұмыстарыңызда әлі ескерілмей жатқан қандайда бір кедергілер бар ма? Интернет қуаты жеткілікті ме?
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес көрсетіледі. 2022 жылы қала әкімдігімен 8981 қызмет көрсетілді, оның ішінде 7161 қызмет онлайн платформалар арқылы ұсынылады және олар бойынша ЖАО-ға бару талап етілмейді. Тиісінше, 2023 жылдың 4 айында көрсетілген қызметтер саны 3784 қызметті құрады,оның ішінде 3765 онлайн қызмет.
Тұтынушыларды қызмет сапасына көңілі тола ма? Қандайда бір шағымданушылар бар ма?
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері тіркелмеген. Қосшы қаласының әкімдігіне Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Тұрақты негізде Е-gov порталы арқылы электрондық қызметтерді танымал ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында, әкімдік сайтында, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат өзектендіріледі. Бейінді бөлімдер мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Медиа-жоспарларды бекітті.
Оның негізінде 51 мақала жарияланып, инстаграмның әлеуметтік желісінде 14 тікелей эфир өткізілді, «жаңа Бастау» қалалық газетінде 2 мақала жарияланды, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер бойынша Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ бөлімінің жеке құрамымен 2 дөңгелек үстел өткізілді. Сондай-ақ, «ашық әкімдік» базасында мемлекеттік қызметтердің сапасын, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге бағытталған «Адал көмек» жобасы аясында кеңес алуға болады.
Сұхбаттасқаныңызға рақмет!
Сұхбаттасқан: Тілеубек БАТЫС
Пікірлер (0)