Астанада 16 жастағы қызды зорлап, өлтірген күдіктілер қамауға алынды

Жаңалықтар
view 138
news

Фото: esp.md

Астанада жасөспірімдер 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сенат кулуарында журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёхадан күдіктілерге қатысты ақпаратты сұрады. Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша екі адам қамауға алынған.

Екі адам қамауға алынды. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын, – деп қысқа жауап берді ол.

Қылмыстық істерді тергеу барысында мәліметтер сирек жарияланады. Құқық қорғау органдары әдетте ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға болмайтынын ескертеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *