Астанада Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі басталады

Руханият
view 239
news

2022 жылдың 18-23 қазан аралығында Астана қаласында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ Республикалық фестивалі өтеді. Фестивальге Сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Фестиваль аясында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың шығармашылығына арналған дөңгелек үстел, Ш.Жандарбекова шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме, Ерғазы Төлеудің «Шолпан жұлдыз» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Фестивальге сахна саңлағының көзін көрген театр қайраткерлері, төл шәкірттері мен зиялы қауым өкілдері шақырылуда. Сонымен қатар, фестиваль аясында Қазақстанның Халық артисі Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған іс-шаралар да жоспарланған. 18 қазан сағат 10.00 «Қаллеки» театрының алғашқы жылдарында жетекшілік етіп, репертуарының қалыптасуына өзіндік еңбегін сіңірген Қазақстанның Халық артисі, режиссер Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері және сағат 11.00-де Қ.Жетпісабаев «Бала мерген» қойылымының премьерасы өтеді. 18 қазан сағат 16.30 Ш.Жандарбековаға арналған дөңгелек үстел мен Ерғазы Төлеудің «ШОЛПАН ЖҰЛДЫЗ» атты кітабының тұсаукесері өтеді. 18 қазан сағат 18.00 ​Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінің ашылу салтанаты (қызыл кілем) мен Ш.Жандарбекова шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылады.   Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінің БАҒДАРЛАМАСЫ   Астана қаласы                                                            18-23 қазан, 2022 жыл  
Фестиваль күндері Уақыты Іс-шара атауы Өтетін орны
        18 қазан, сейсенбі     10.00 11.00 12.30   Қ.Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері. Қ.Жетпісбаевтің «БАЛА МЕРГЕН» спектаклінің премьерасы. Қ.Жетпісбаевқа арналған ас. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)  
16.30 Ш.Жандарбековаға арналған дөңгелек үстел. Ерғазы Төлеудің «ШОЛПАН ЖҰЛДЫЗ» атты кітабының тұсаукесері Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (кіші зал) (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)  
18.00 Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінің АШЫЛУ САЛТАНАТЫ Ш.Жандарбекова шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
19.00 Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Астана қаласы)   «АЛТАЙДАН АУҒАН ЕЛ» (2 сағ) (авторы: Х.Алтай, Х.Оралтай, режиссері: Ф.Молдағали)   Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (үлкен зал) (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
          19 қазан, сәрсенбі   11.00 С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры (Жезқазған қаласы) «ЖҰТ» (50 мин) драма (авторы: О.Жанайдаров, режиссері:А.Нигманов) Музыкалық жас көрермен театры (Ж.Омаров көшесі 47,б)
    19.00 М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Астана қаласы) «ГРОЗА» (2 сағ. 30 мин) драма (авторы: А.Островский, режиссері: Р.Махатаев)   Музыкалық жас көрермен театры (Ж.Омаров көшесі 47,б)
      20 қазан, бейсенбі       13.00       Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры (Астана қаласы) «БОРАНДЫ БЕКЕТ» (2 сағ. 35 минут) драма   (авторы: Ш.Айтматов, режиссері: Ұ.Қарыпбаев)   Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры (Мәңгілік Ел даңғылы, 55/2)
    19.00       Түркістан музыкалық драма театры (Түркістан қаласы) «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» (1 сағ.) пластикалық қойылым (авторы: Е.Аманшаев, режиссері: К.Семенов)   Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (үлкен зал) (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
          21 қазан, жұма       11.00 С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры (Қарағанды қаласы)  «ТЕКЕБҰРҚАҚ» (1 сағ. 10 мин) пластикалық морфоза (авторы: Ш.Мұртаза, режиссері: А.Салбан) Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (үлкен зал)   (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
    18.00 Ақмола облыстық орыс драма театры (Көкшетау қаласы) «ЧАЙКА» (3 сағ. 30 мин) комедия (авторы: А.Чехов, режиссері: П.Норец) Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (үлкен зал) (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
22 қазан, сенбі 11.00    Республикалық академиялық неміс драма театры (Алматы қаласы)  «АНДОРРА» драма (1 сағ. 40 мин) (авторы: М.Фриш, режиссері: Н.Дубс) Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (үлкен зал) (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
19.00 Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (Алматы қаласы)  «ОЯН, ҚАЛЫҢДЫҚ» (1 сағ. 30 мин) драма (авторы: Г.Лорка, режиссері: Д.Жұмабаева)   Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (-1 залы) (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
      23 қазан, жексенбі     11.00 Ф.М. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік орыс драма театры (Семей қаласы) «МАЛЕНЬКИЙ ПРИНЦ» (1 сағ. 50 мин) (авторы: А.Экзюпери, режиссері: К.Денискин)   Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (үлкен зал)  (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
18.00 Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінің ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры  (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *