Оқушыларға шығарма байқауы жарияланды

Руханият
view 263
news

Мемлекет басшысы 2020 жылын «Балалар жылы» деп жариялағаны белгі. Осыған орай, балалардың шығармашылық қабылетін қолдау мақсатында  Қосшы қаласындағы оқушыларды «Менің арманым» қалалық әдеби байқауы:

ЕРЕЖЕСІ

«Jańa bastau» Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси газетінің веб-сайты – https://janabastau.kz/ платформасында «2022 жыл – Балалар жылы» аясында Қосшы қаласының оқушылары арасында өтетін «Менің арманым» қалалық байқауы (бұдан әрі – Байқау). Байқау ұйымдастырушысы: Байқау «Қосшы қалалық әкімдігі» ММ қолдауымен «Jańa bastau» газетінің ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті: Байқауды өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды «Jańa bastau» газеті мен https://janabastau.kz/ сайты жариялайды;
  • Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды электронды түрде қабылдайды;
  • Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;
  • Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау шарасын ұйымдастырады.
 Байқаудың мақсаты:
  • Өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке баулу;
  • Балалардың болашақ жайлы арман-мақсатын айқындау;
  • Оқушыларды футурологияға қызықтыру;
  • Байқау басталған сәттен, байқау ережесі Қосшы қаласы әкімдігі Білім бөліміне ұсынылады;
Байқаудың өткізілу мерзімі: Байқаудың өткізілу мерзімі 15. 10. 2022 – 01.12. 2022 аралығында. Салтанатты марапаттау рәсімі 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өтеді. Байқаудың шарттары:
  • Байқауға Ақмола облысы Қосшы қаласындағы 4-сыныптан 8-сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады.
  • «Менің арманым» атты шығарма (өлең, эссе т.б формасына шектеу жоқ) арқылы байқауға қатысады.
  • Көлемі – Times New Roman шртфт 14, барлық бет саны А4 бойынша 4 беттен аспауы тиіс;
  • Оқушының көрнекті фотосуреті – 1 дана.
  • Жіберілген материалдар https://janabastau.kz/ сайты жарияланады (қазылар материалдың оқылымына да қарайды).
  • Байқауға жарна ретінде «Jańa bastau» газетіне (1 дана – 1 жылға) жазылу.
  • Жеңімпаздардың материалы қосымша газет бетінде жарияланады.
Жеңімпаздарды марапатталады: І – орын, ІІ – орын, ІІІ – орын және арнайы номинациялар бар. Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздарды марапаттау:
  • Жеңімпаз кәсіпкерлер 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қосшы қаласы әкімінің арнайы дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
  • Үздік оқушлар видео-роликтері түсіріледі, бүктемелер таратылады.
  • Салттанатты марапаттау рәсімі жайлы қосымша хабарланады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтайтын «Jańa bastau» газетіне жанынан арнайы қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы тағайындалған жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы. Негізгі шарт бойынша кәсіпкер үміткерлер марапатау кешіне алдын ала шақыртылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *