Балалардың тағдырынан Құранды жоғары қоямыз ба?! – журналист

Жаңалықтар
view 181
news

Фото: bairak.kz

Журналист Айнұр Асанберді Instagram-дағы парақшасында жақында өртенген Балалар үйіндегі Құран кітаптың жалыннан аман қалғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Лас дүниеге әуес халық»: Ресейлік блогер қазақтарға тіл тигізді

Жапонияда 32 жастағы әйел ChatGPT-ге тұрмысқа шықты (ВИДЕО)

«Денемді пышақ салып кеспеңдер!»: Заманбек Нұрқаділовтің өсиеті жарияланды

«Қазіргі жастарды дінге осылай тарту ескірген әдіс»

Оның айтуынша, адамдардың қайғысын діни насихатқа пайдалануға болмайды. 

Әмина ханымның жасаған игі ісіне әрдайым тілекшімін. Бірақ кей сайттардың жарыса жазған жазбасына таңғалдым. Сонда құдай қаншама мұқтаж баланың үйін өртеп, тек өз кітабын ғана сақтап қалды дегенге сенуіміз керек пе?

Балалар үйі өртеніп, Құран аман қалды деп даурығу ауыр трагедияны жеңіл мысалға айналдыру емес пе?! Кінәсіз балалар тағдырынан да кітапты жоғары қоямыз ба?!

Мәселе Құранда да, дінде де емес. Мәселе  қайғыны діни насихатқа пайдаланғанда. Менің шаруам қанша деп үндемей жүре беруге болатын еді, бірақ мұндай манипуляцияларға тойдым.

Адамдардың қорқынышы мен эмоциясын құралға айналдыру ешқашан игілік әкелмейді. Мұндай тәсілдер, керісінше, сенімге суық көлеңке түсіреді.

Қазіргі жастарды дінге осылай тарту баяғы ескірген әдіс. Жастарға шынайылық, білім, логика қажет. Қорқыныш емес, түсіну керек, - деп жазды журналист.

«Ұлылықтың белгісі...»

Айта кетейік, күні кеше Алматыда мыңдаған жетім баланы бауырына басқан Әмина қажы Әжібаеваның «Перзент» балалар үйі өртенген болатын. 

Бүгін осындай сынаққа қалдық. Құтқарушылар сағат төрттен беріп жұмыс істеп жатыр. Алла разы болсын, бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді, барлығы бір үйдің баласындай көмектесіп жүр. Ең кереметі, Құран кітабымның өртенбей қалғанын қараңдаршы, түк болмағандай. Менің қаруым күйіп кетіпті, бірақ құранға ештеңе болмапты. Алла ұлық! Ұлылықтың белгісі, - деген сонда Әмина қажы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *