БАҚ: Иран Нетаньяхудың кеңсесін зымыранмен атқылады

Жаңалықтар
view 147
news

Фото: Nathan Howard / POOL / AFP via Getty Images

Иран әскерилері Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасалғанын мәлімдеді. 

"Шынайы уәде 4" операциясының оныншы толқыны барысында осы қылмыстық режимнің премьер-министрінің кеңсесі, сондай-ақ осы режим армиясының әуе-қорғаныс күштері қолбасшысының орналасқан жері "Хейбар" зымырандарының нысанасына айналды", - деген мәлімдемені келтірді басылым Иранның мемлекеттік телерадио компаниясына сілтеме жасап.

Сондай-ақ ИРСК "Израиль премьер-министрінің тағдыры белгісіз" екенін мәлімдеді. Израиль билігі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *