Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған ғимарат 61 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
Фото: sauda.e-qazyna.kz
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (КУВА) Алматыдағы сауда-офистік орталықты сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Kaisar Plaza сауда-офистік орталығы заңсыз жолмен сатып алынған. Осыған байланысты 2023 жылы нысан Қаржы министрлігінің балансына берілген. Енді ол мемлекеттік аукцион платформасында сатылымға шығарылмақ. Бастапқы бағасы — 61 млрд теңге. Бұл сомаға ғимараттың өзі және жер учаскесін жалға алу құқығы кіреді.
Kaisar Plaza — тоғыз қабатты сауда-офистік орталық, паркингі мен панорамалық қабаты бар. Ғимаратта 53 ұйым жалға орналасқан: ірі банктерден бастап, БАҚ пен кофеханаларға дейін. Бұған дейін нысанды мемлекетке Кайрат Сатыбалды тапсырған.
Қайтарылған активтер тізіміне сондай-ақ мыналар кіреді:
Kaisar Towers,
DoubleTree by Hilton,
АрСат,
Maisat,
Мегатау,
Байсат және
Оптимум.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна — 9,2 млрд теңге. Сауда-саттық 7 сәуірде басталады.
Бұған дейін «Байсат» базары да бірнеше рет саудаға шығарылып, бағасы төмендетілгені хабарланған болатын. 2025 жылғы желтоқсанда оның бағасы шамамен 26,7 млрд теңге болса, қарашада — 28 млрд теңге, ал 2026 жылғы қаңтарда 24,7 млрд теңгеге дейін арзандатылған.
Пікірлер (0)