Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс

Саясат
view 621
news

Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Салықтық жеңілдіктерді негізінен жоғары қосылған құны бар өнім өндірінесе инвестиция тартуға және технологиялық экспортты ынталандыруға қайта бағыттау қажет. Бұл мінсіз тәртіп міндеті. Дегенмен барлығы менің үстанымды түсінгенін қалар едім. Бүкіл экономикалық саясатты біз экономиканы әртараптандыру міндеттеріне, оны индустрияландыруға және түптеп келгенге инвестиция тартуға бағындыруымыз қажет. Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс, ал Үкіметоларға бұл жағынан көмектесуі тиіс», - деді Президент.

Мемлекет басшысы екінші жағынан салықты саясат ынталандырушы әрі икемді болуы тиістігін баса айтты.

«Мәселен, бүгінде Қазақстанда қатты пайдалы қазбалалардың көптеген кен орны бар. Оларды қазіргі салық салумен игеру экономикалық тұрғыда мақсатқа сай келмейді әрі тиімсіз. Шикізат жерде, моноқалалар жанында бостан бос жатыр. Бірақ, оны азаматтардың игілігіне пайдалануға болар еді. Күрделі мұнай-газ кен орындары сияқты мұндай рентабельдігі төмен жаңа жобалар үшін салық жүктемесін жұмыс орындарын құру, қайта өңдеу қуаттарын салу, міндеттемелерді орындау шарттары алмастырып, жеңілдетпеске?! Үкімет бұл жұмыспен айналысып, жаңа салық саясатын әзірлеу барысында оны ескеруі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *