Бас жүлде: 15 000 000 теңге әдеби байқауы өтеді

Жаңалықтар
view 238
news

Фотосурет: скрин

«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби байқауы өтеді деп хабарлайды,  JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі https://kazakh-romany.tilda.ws сайтына сілтеме жасап. Содай-ақ роман желісімен КИНО түсіріледі. 

Бас жүлде: 15 000 000 KZT

Төрт үздік үміткер: 3 000 000 KZT

БАЙҚАУ ЖАЙЛЫ

Тұңғыш рет!

Заманауи қазақ романдарына арналған әдеби байқау!

Жұмыстардың авторлық құқықтары сақталады. 

Роман демеуші есебінен баспадан шығарылады. 

Роман желісімен кино түсіріледі. 

4 үздік үміткерге 3 000 000 теңге сыйақы тағайындалды. 

БАС ДЕМЕУШІ

Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы – Шухрат Ибрагимов.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жалпы ережелері

1.1. Осы Ереже «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби байқауының мақсаттарын, міндеттерін, өткізу тәртібін, қатысу шарттарын және іріктеу талаптарын анықтайды.

1.2. Жобаның құрылтайшысы және жалғыз демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы – Шухрат Ибрагимов.

1.3. Байқау қазақстандық авторларды қолдау, қазіргі заманның өзекті мәселелерін, қазақ ұлтының ұлттық бірегейлігі мен рухани құндылықтарын көрсететін заманауи әдеби туындылардың жазылуы мақсатында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Қазіргі заманғы қазақ прозасының дамуына ықпал ету.

2.2. Қазақ тілінде бірегей көркем туындыларын ұсына алатын дарынды авторларды іздестіру және қолдау.

2.3. Ұлттық әдебиеттің дамуына ықпал ете алатын үздік шығармаларды басып шығару және насихаттау.

2.4. Әдеби шығармаларды киноға және медианың басқа түрлеріне бейімдеу үшін жағдай жасау.

3. Қатысу шарттары

3.1. Байқауға қазақ тілінде бұрын жарияланбаған көркем проза (роман) шығармаларын ұсынған авторлар қатыстырылады.

3.2. Романда кемінде үш буынның (бір отбасының тарихы) тағдыры, өткені мен бүгіні көркем тілмен сипатталуы керек.

3.3. Роман көлемі кемінде 300 бет болуы шарт.

3.4. Байқауға қатысу үшін:

Қатысушы Анкетасын толтыру

Байқауға қатысу туралы Өтінімді толтыру қажет;

"Конкурс шығармасын пайдалану туралы Келісімге" қол қою керек;

Конкурс талаптарына сай шығарманы ұсыну керек;

4. Байқау кезеңдері

4.1. Бірінші кезең – іріктеу (2025 жылдың 28.04-28.05 аралығы):

Авторлық идея (2 бетке дейін);

Синопсис (3 бетке дейін);

4.2. Қазылар алқасы екінші кезеңге жолдама алатын 5 шығарманы іріктеп алады;

4.3. Екінші кезең - романдарды жазу және жеңімпаздарды анықтау (2025 жылдың қазан айына дейін):

Ақтық кезеңге өткен 5 қатысушымен келісімдер жасалып, келесі талаптар анықталады:

Романды жазу және өткізу мерзімдері;

Жариялау шарттары және пайдадағы үлеске қатысу;

Қайырымдылық жарналары;

Романдар серіктес баспадан шығарылады (тиражы 1000 данадан бастап);

Рецензенттерді тәуелсіз әдебиет сыншыларынан құралған қазылар алқасы тағайындайды;

5. Байқаудың әділ қазылары

Қазылар алқасының құрамында қазақтың белгілі жазушылары мен әдебиет қайраткерлері болады.

6. Жүлделер мен ынталандырулар

6.1. Финалға шыққан 4 үміткердің әрқайсысы 3 000 000 теңге көлеміндегі гонорар мен жарияланған романдарының сатылымынан түскен үлесті алады.

6.2. Бас жүлдені жеңіп алған автор 15 000 000 теңгеге ие болып, романы баспадан шығарылып, экранға бейімделеді (бөлек смета бойынша).

6.3. Автор басылымнан және фильмді бейімдеуден түскен пайданың бір бөлігін алады, ал жобадан түскен пайданың негізгі бөлігі (сату мен экранизацияны қоса алғанда) байқау демеушісіне беріледі.

7. Авторлық құқықтар

7.1. Жұмыстардың авторлық құқығы авторларда қалады.

7.2. Ақшалай сыйлық алған қатысушылар ұйымдастырушыларға мына құқықтарды береді:

шығармаларды басып шығару және бейімдеу;

мәтіндерді белгілі бір шектерде өңдеу;

жариялау кезінде демеушінің атын және конкурстың мәртебесін көрсету;

фильм жасау кезінде соавторлық құқықтарды жоба демеушісіне беру;

7.3. Байқаудың демеушісі романның атауын, сондай-ақ шығармадан үзінділер мен дәйексөздерді (соның ішінде жарнамалық, қоғамдық және медиялық мақсаттарда) авторға міндетті түрде сілтеме жасай отырып пайдалану құқығын алады.

8. Байланыс және өтінімді жолдау

Анкета, өтінім және келісім нысандарын 'Өтінім беру' батырмасы арқылы сілтемеге өтіп, ала алсыз.

9. Қорытынды ережелері

Ұйымдастырушылар осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Барлық өзгерістер жобаның ресми ресурстарында жарияланады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *