Зеленский Путин жариялаған бітімді манипуляция деп атады
Фото ашық дереккөзден
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бітім туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды janabastau.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Зеленскийдің айтуынша, Путин 8-11 мамыр аралығында жариялаған уақытша бітім — шынайы қадам емес, манипуляция. Оның пікірінше, атысты тоқтату бірнеше күнге ғана емес, тұрақты түрде жүзеге асырылуы керек. Ең қысқа мерзім ретінде ол кемінде 30 күнді атады.
- Атыс бірнеше күнге емес, толық, шұғыл және сөзсіз тоқтатылуы керек. Бұл, ең кемі, 30 күнге созылуы тиіс, — деді Владимир Зеленский өзінің видеоүндеуінде.
ПУТИН НЕ ДЕП ЕДІ
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына байланысты уақытша бітім жариялаған болатын. Оның айтуынша, атысты тоқтату 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-де басталып, 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні сағат 00:00-де аяқталуы тиіс.
Путин Киевті де осындай қадам жасауға шақырды. Алайда, ол егер бітім бұзылатын болса, Ресей "тиісті әрі тиімді жауап қайтаратынын" ескертті.
УКРАИНА ЖАУАП ҚАТТЫ
Украинаның сыртқы істер министрлігі бұл бастамаға жауап беріп, Киевтің "ұзақ мерзімді атысты тоқтатуды қолдайтынын" мәлімдеді.
Пікірлер (0)